Әбилова Айдана Серікқызы
«Жауқазын» балабақшасының тәрбиешісі
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы жетібай ауылы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемі»
Мақсаты: қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар:ағаштардың суреттері .
Әдіс-тәсілдер :сұрақ-жауап, қимыл-қозғалыс ойындары.
Балалар бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ,өйткені бүгін біздерге қонақтар келіпті,амандасып алайық.
Бүгін қандай керемет күн.Бұл күнді жақсы,қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде.
Қуанады достарым,
Арайлап атқан күнде.
-Ендеше , жақсы көңіл-күймен орнымызды табайық.
-Балалар қазір қай мезгіл?
-көктем мезгілі
-Көктемде неше ай бар?
-үш айдан тұрады
-наурыз, сәуір, мамыр
-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? –
-күн жылынады,құстар қайта оралады,адамдар жеңіл киінеді, ағаштар бүршік атады, жәндіктер жер бетіне шығады.
Міне көктем мезгілі өзінің керемет ерекшеліктерімен қуантады екен.
Ұйымдастыру
-Жарайсыңдар балалар жаңа оқу қызметімізді бастамас бұрын өткен оқу қызметімізді пысықтап алайық. Біздің өткен оқу қызметіміздің тақырыбы қалай еді?
– Көктемгі еңбек
-Көктемгі еңбекке не жатады?
Жер жыртады,тұқым себеді,бақша егеді,гүлдерді егеді.
– Сендер ата-аналарыңды еңбек етіп қуантқан кездерің болды ма?
-ия
Балалар бүгінгі біздің ұйымдастырылған оқу әрекетіміздің тақырыбы «Өсімдіктер әлеміне» саяхатқа барамыз.
– адамдар өсімдіктерді азық ретінде ,құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады.

Сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.
-Балаларға ағаштардың,гүлдердің,шөптердің суретін көрсетеді.Балалар ағаштың түрлері өте көп.Олар-емен,қайың,үйіңкі,терек,шырша,жеміс ағаштары.Ағаштардың көп болғаны пайдалы,олар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады.Ағаштарды орынсыз сындырмай,түбін тазалап отырса олар әдемі болып өседі.Мына суретке қараңдаршы ,топырақ ағашты берік ұстап тұрады ,ал мынау –діңі.Діңінен жан жағына бұтақтары таралған.Бұтақтарында жапырақтар өседі.Өсімдіктерді, ағаштарды адамдар күтіп баптайды,түбін қопсытып су құяды.Бау бақшада өсетін өсімдіктерді адамдар өздері егіп өнімін жейді.
Мысалы:мынау алма ағашы,алма ағаштарында көптеген алмалар өсіп тұр.Сонымен қатар өсімдіктерге шөптер,гүлдер жатады.Гүлдің түрі өте көп мына суретке зер салайық түймедақ гүлңнңң пайдасы өте зор,раушан гүлі,бәйшешек гүлі.Гүлдер тамырынан нәр алады.Айналамызға әсемдік силайды.
Балалар суреттегі ағаштарға қарайды.
Дид ойын: «Не қайда өседі»бақ пен бақшаның,жеміс пен көкеністердің себетке жинауі. Жарайсыңдар балалар, сендер ойынды да жақсы ойнайды екенсіңдер.
Балалар ойынды жақсы ойнады
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі,
Кіп-кішкентай ағаштар,
Биік болып өседі.
Сөздерді қайталап,қимыл-қозғалыспен орындайды
Қорытынды
-Біз не туралы әңгімелестік?
-Оларға қандай күтім жасауға болады?
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетке белсенді қатысқан балаларды мадақтайды
Сұрақтарға тәрбиешінің көмегіне сүйене отырып жауап береді.
Игерді:өсімдіктердің әр түрлі болатынын.
Меңгереді:өсімдіктердің пайдасы туралы.