Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі сауалдарды ұйымдастыру

Әлеуметтік педагог педагогикалық ұжымда тең деңгейде мүше бола алады. Білім мекемелерінде педагогикалық кеңестер мен әдістемелік жиналыстарға қатысады.

Әлеуметтік педагогтың жеке кабинеті болуы керек. Ол кеңсе заттармен сейфтердегі жеке іс-қағаздарды сақтайды, техникалық заттармен және жалақы шығындарына тәсілдермен қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік педагог іс әрекеті әлеуметтік педагогтың жұмыс уақыты уақытылы болуы тиіс, мектепте өзге клиенттерге де уақытылы және ыңғайлы болуы қажет.

Білім мекемелерінде әлеуметтік педагогтың жұмыс уақытын басшылық белгілейді. Графикте уақыт бегіленеді, сыртта жүріп басқа мекемелермен байланысқан уақыты есептеледі.

Әлеуметтік педагогтың еңбекақысы, демалысы білім беру мекемелерінде заң бойынша шешіледі.

Әлеуметтік педагогтің кәсіптілігі

Әлеуметтік педагогтің кәсібилік сапасы жоғары болуы тиіс. Ол әлеуметтік педагогтің жеке қасиеттеріне, өзге адамдармен араласуына, оларды түсінуіне, өзара байланысуына, адамдарға сенімділік білдіруіне де байланысты болады.

Әлеуметтік педагог мынадай қасиеттерге ие болуы тиіс:

– табиғилық – айналадағылармен өзара қарым-қатынастағы процесте өзі-өзіне қабілетті;

– мейірімділік – мейрімді, әрқашан да адамдарға және айналасындағыларға мейрімділікпен қарап, оларға қол ұшын беруге даяр болу;

– эмпатия – әлемді өзге адамдармен елестеткендей елестету, мәселе болған жағдайда компромистік шешімге келуге іздену, әлемге оң қараспен қарау;

– ақ жарқын – өз ойы мен сезімін ашық айтып, оны әңгімелесушіге дұрыс жеткізе білу;

– кішіпейіл – жұмсақ, сыпайы түрде өзге адамдармен қарым-қарынаста болу;

– нақтылық – қойылған сұраққа оң жауап беру, өз ойын толық жеткізу.

Әлеуметтік педагогтің іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары

Әлеуметтік педагогтың іс-әрекетіндегі негізгі қағидалары:

Өзара іс-әрекет – бекітілген қағидасы:

– шиеленісті оқиғалар мен туындаған мәселелер кезінде оны әріптестердің арасында бағытталған мақсат бойынша шешуге ықпал етеді;

– білім мекемелерінде педагогикалық ортаны қалыптастырады;

– барлық әлеуметтік институттарды өзара «іс-әрекетте байланысты орнатады, оқушылардың әлеуметтенуіндегі бірқатар сұрақтар шешуге көмектеседі.

Жеке тұлғаға ықпал етуге арналған – негізделген қағидасы:

– жеке тұлғаға гуманистік тұрғыдан қатынас жасау;

– мұғалім секілді, оқушының да бостандығы мен құқығына құрметпен қарау;

– тұлғаның әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамытуына нұсқау беру, әсер ету;

– оның шығармашылығының кеңеюіне көмектесу.

Жеке тұлғаны қабылдау және оң түйсікті – сезінуші қағидасы:

– баланы да үлкенді де сол қалпында қабылдау;

– әрбір тұлғаның қасиеттерінің жоғарылығын бақылау;

– тұлғаның мүмкіндіктері мен қабілетіне оптимистік тұрғыдан сенім білдір